ҚР Экология министрі БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/03/bez-nazvaniya-8.jpg)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Зүлфия Сүлейменова БҰҰ Бас хатшысын Қазақстанның су ресурстарын орнықты басқару саласындағы жоспарлары туралы хабардар етті. Бас хатшы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалап, ҚР-дың Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы белсенді ұстанымын атап өтті.
Айта кетейік, Зүлфия Сүлейменова БҰҰ-ның Су конференциясында қазақстандық делегацияны басқарып отырған болатын.
Сондай-ақ келіссөз барысында Қазақстанның Орталық Азия және Ауғанстан елдері үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік хабын құру бастамасы талқыланды. Идея бойынша штаб-пәтер Алматы қаласында орналастырылмақ.