Жаңалықтар

ҚР Энергетика министрлігі жанармайдың шекті бағасын белгіледі

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жанармай станциялары үшін мұнай өнімдерінің шекті бағасын белгіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Құжатқа сәйкес, автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағалар былай белгіленген:

1) Аи маркалы бензин-80 – тоннасына 93 161 теңге;

2) Аи-92 және Аи маркалы бензин-93 – тоннасына 193 649 теңге;

3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге.