Бір аптада теңге бағамы 0,8% нығайды. Дамушы нарықтарда оң динамика қалыптасты

Жарияланды

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 24 наурызда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,8%-ға (460,79 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары 457,29 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

2023 жылғы  17-24 наурыз аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. АҚШ ФРЖ риториканы біраз жеңілдетіп және мөлшерлеменің «біршама» өсу қажет екенін атай отырып, мөлшерлемені 4,75-5%-ға дейін 25 базистік тармаққа көтерді. Мөлшерлемені дамыған елдердің бірқатар Орталық банктері: Англия Банкі 4,25%-ға дейін 25 базистік тармаққа, Швейцария Орталық банкі 1,5%-ға дейін 50 базистік тармаққа, Норвегия Орталық банкі 3%-ға дейін 25 базистік тармаққа арттыру туралы шешім қабылдады. ҚХР-дағы әлеуметтік желілердің ең ірі компаниясы Tencent Holding LTD  кірісінің қайта қалпына келгені туралы хабарлар Қытай экономикасының қалпына келетіні жөніндегі болжамды нығайтты. Бұл факторлар көбінесе дамушы нарықтарда валюталардың оң динамикасын көрсетті.

Дамушы елдердегі АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:   

  • мексика песосы 2,5%-ға (18,91-ден 18,44-ке дейін) нығайды, себебі, АҚШ ФРЖ ұстанған қатаңдату шарасының негізгі бөлігі аяқталып қалды деген үміт бар. Мексикадағы инфляция (7,24%-ға күту кезінде) ж/ж 7,12%-ға дейін бәсеңдеді, бұл Орталық банкке аса қатаң емес ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік береді;
  • оңтүстік Африка ранды АҚШ ФРЖ-ның «жеңіл» риторикасы аясында 1,7%-ға (18,47-ден 18,16-ға дейін) нығайды;
  • индонезия рупиясы дамушы нарықтардың валюталарымен бірге 1,3%-ға (15 345-тен 15 153-ке дейін) нығайды, мұнда да АҚШ ФРЖ мөлшерлемелерді өсіруін жақын арада аяқтайды деген үміт басым;
  • бразилия реалы 0,6%-ға (5,28-ден 5,25-ке дейін) нығайды, себебі, мөлшерлемені 13,75% деңгейінде сақтау туралы шешімге қарамастан, Бразилия ОБ риторикасында ақша-кредит саясатын жеңілдету туралы белгілер байқалмады;
  • үнді рупиясы 0,1%-ға (82,55-тен 82,48-ге дейін) нығайды, мұнда да АҚШ ФРЖ ақша-кредит саясатын жеңілдетеді және мұнай бағасы төмендейді деп күтілуде;
  • ресей рублі 77,06-дан 77,08-ге дейін біршама әлсіреді;
  • түрік лирасы мамырда президентті сайлауға қатысты қауіптену аясында 0,3%-ға (19,01-ден 19,07-ге дейін) әлсіреді. Орталық банк мөлшерлемені 8,5% деңгейінде сақтап қалды. 

Сондай-ақ оқыңыз