Kaspi.kz финтех тобы ғаламдық депозиттік қолхаттарын қайта сатып алу бойынша төрт айлық бағдарламаны бастауды жоспарлап отыр. Kaspi.kz наурыздың 24 күні өзінің төртінші buyback бағдарламасын өткізетіндігі туралы хабарлады. Мұндай ақпаратты компания Қазақстан қор биржасында жариялады.
Kaspi.kz J.P. Morgan Securities plc (JPMS) компаниясымен келісімге отырды, ол өз кезегінде финтех компанияның ғаламдық депозиттік қолхаттарын нарықтан сатып алып, сосын компанияға қайта сатады. Аталған компания бұған дейін де Kaspi.kz акцияларын сатып алып, Лондон қор биржасында оның ғаламдық депозиттік қолхаттарын орналастыру кезінде компаниялар тобының мүддесіне әрекет еткен болатын.
Кезектегі төртінші құнды қағаздарды кері сатып алу бағдарламасы бойынша компания $100 млн сомасына ғаламдық депозиттік қолхаттар (GDR) сатып алмақшы. Наурыздың 21-і күні басталған buyback 21 шілдеден кеш емес аяқталуы қажет деп хабарлады компания.
Дегенмен, бұдан бұрын жарияланған 3 buyback бағдарламасы бойынша компания 300 млн долларға қолқаттарын сатып алуды жоспарлағанымен, бұл сомаға акцияларын кері сатып ала алмады. Мысалы, бірінші ретте ол құнды қағаздарды сатып алуға 100 млн доллардың орнына 45 млн доллар, екіншісінде – 51 млн доллар, ал үшіншісі бойынша – 84 млн доллар бағыттаған еді.
Kaspi Bank акционерлерінің жалпы жиналысында өткен жыл үшін қарапайым және артықшылығы бар акцияларға дивидент төлеу туралы шешім қабылданған болатын. Банк таратқан ақпаратқа сәйкес, бір акцияға төленетін дивидент 4900 теңгені құрайды. Төлем 2023 жылдың 20 наурызында басталады делінген еді, ақпаратта.
Kaspi ірі акционерлері қатарында Baring Vostok (28,8%) қоры, Михаил Ломтадзе (24,55%) мен Вячеслав Ким (23,35%).