Банк секторындағы белгісіздікке қарамастан, әлемдік индекстер өсім көрсетті
Жұма күні АҚШ қор нарығы жасыл түске «боялып», Dow Jones индексі – 0,41%, S&P 500 – 0,6%, ал Nasdaq Composite банк дағдарысы қайталануы мүмкін деген қауіпке қарамастан, 0,3% өсті, деп жазады КASE сарапшылары.
Дегенмен, банк акциялары қатты қысымға ұшыраған: Bank of America (-1%), Wells Fargo (-1,8%), JPMorgan Chase (-1,1%) мен Citigroup (-1,5%). АҚШ-та тіркелген Deutsche Bank акциялары сессия аяғында 3,1%-ға төмендеді.
Еуропа қор нарықтары жұма күні банк секторы жай-күйіне қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты құлдырауын жалғастырды. Негізгі Stoxx 600 индексі 1,4%-ға, ал банктік Stoxx индексі 3,8%-ға төмендеді. Deutsche Bank акциялары банк өтеу мерзімі 2028 жылы аяқталатын екінші деңгейдегі облигацияларын мерзімінен бұрын сатып алатынын хабарлаған соң, бірден 3 пайызға арзандады. Бұл нарықта дүрбелең туғызып, оның несиелік дефолт своптарының құнын ең жоғары деңгейге көтерді. Франция, Германия және Еуроаймақтағы қызмет көрсету секторы жылдам өсім көрсетке, ал өңдеу секторы күтпеген жерден қызыл болды.
Nikkei индексі 225 дүйсенбіде 0,5%-ға көтеріліп, 27 514 тармаққа жетті. Акциялар әртүрлі сатылды. Oriental Land (0,5%), Fast Retailing (0,5%) және Nintendo (0,8%) акциялары өскен. Tokyo Electron (-2,3%), Mitsubishi UFJ (-1,4%) және Nippon Yusen (-1,2%) акциялары арзандады.
Ал Shanghai Composite дүйсенбі күні 1,1%-ға төмендеп, 3231 тармаққа жетті. Inspur Electronic (-4,6%), Foxconn Industrial (-4%), Unigroup Guoxin (-1,6%), Dawning Information (-3,2%) және Goertek (-3,2%). сынды технологиялық компаниялардың акуиялар арзандады.
Мәскеу биржасының индексі жұмада 0,13%-ға өсіп, 2 391,53-ке жетті.
АҚШ пен Еуропа қаржы саласы дағдарысқа ұшырауы мүмкін деп алаңдаушылық алдыңы аптада да қор нарығына әсер еткен еді. Ол кезде Dow Jones өнеркәсіп индексі 1,2%-ға төмендеп, ал S&P 500 индексі – 1,1%, ал Nasdaq 100 0,7%-ға азайған еді.