Семейде психикалық денсаулық орталығындағы 600-ден астам қызметкеріне 128 млн теңге жалақы төлемеген
Абай облысындағы психикалық денсаулық орталығындағы 600-ден астам қызметкеріне 128 млн теңге жалақы төлемеген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Облыстық психикалық денсаулық орталығының 646 қызметкеріне жалақы берешегі 128,1 млн теңгеге жеткен.
Абай облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы мәселені дереу шешу мақсатында денсаулық сақтау басқармасы басшысының атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.
Сондай-ақ орталықтың басшылығымен, ұжымымен және кәсіподақ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
«Соның нәтижесінде, қазіргі уақытта психикалық денсаулық орталығының медицина қызметкерлерінің алдындағы жалақы бойынша берешегі толығымен өтелді. Осы жылдың ақпан айындағы жалақы да уақтылы берілді», – делінген ақпаратта.