Шымбұлақ – түнгі ең биік тау шаңғы курорты ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді

Жарияланды (жаңартылды )
Шымбулак
Шымбұлақ Гиннес рекордтар кітабына енді

Бұл нәтиже Шымбұлақтың ең биік нүктесінде, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Талғар асуы» станциясында тіркелді. Дәл осы жерде салтанатты рәсім өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов хабарлады.

«Кешегі күн Қазақстан футбол құрамасының Дания құрамасына қарсы ойындағы тарихи жеңісімен ғана емес (есеп 3:2 болған еді), сонымен қатар жаңа әлемдік рекордпен де есте қалады. Шымбұлақ – әлемдегі түнгі ең биік тау шаңғысы курорты ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді» деп жазды министр парақшасында.

Оның дерегінше, Гиннестің рекордтар кітабының ресми судьясы Шейд Субаши трассаның барлық талаптарға сәйкестігін растай отырып, тарихи нәтижені тіркеген.

«Шымбұлақ – жыл сайын миллиондаған қонақ келетін еліміздің басты туристік бағыттарының бірі. Бұл жердің біз барлық жағынан дамытқымыз келетін үлкен әлеуеті бар. Жаңадан тіркелген рекорд мәртебесі тау шаңғысы курортын әлемде теңдесі жоқ бірегей орынға айналдыратынына сенімдімін» деп жазды ол.

Курорт баспасөз қызметінің хабарлауынша, Guinness World Records офисінің судьясы Шейд Субаши-Гемиджи «Шымбұлақтың» бас директоры Ринат Абдрахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификатты табыс етті.

«Шымбұлақ» тау курорты әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде ресми түрде Гиннес рекордына енгенін қуана хабарлаймын. Бұл – әлемдегі жаңа рекорд», – деді Шейда Субаши-Гемиджи.

Шейд Субаши-Гемиджидің айтуынша, тау курортын ең биік түнгі шаңғы трассасы деп тану үшін бірқатар шарттар орындалуы:

  • Рекорд орнату үшін биіктік метрлеп өлшенуі;
  • Білікті маман өлшеу жұмысын Талғар асуында жүргізуі;
  • Курорттың беткейлерін FIS ресми түрде тіркеуі;
  • Шипажай әдеттегідей жұмыс істеп, жол бойында шамдар жанып тұруы керек болған.

Судья, рекорд теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте орнатылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз