Ұлттық қордан трансферт бөлудің өз ережесі бар – Ұлттық экономика министрлігі
2023-2025 жж арналған бюджет параметрлері қолданыстағы бюджет ережелеріне сәйкес бекітілген. Бұл туралы «Курсивке» Ұлттық экономика министрлігінен хабарлады.
«Бюджет кодексі екі контрциклі бюджет ережесінің регламентіне сай әзірленген. Олар мұнай түсімдеріне тәуекелді азайту мен бюджет шығындарының өсу қарқынын шектеуге бағытталған. 2023-2025 жж арналған бюджет параметрлері контрциклі бюджет ережелеріне сәйкес бекітілген. 2023-2025 жж арналған кепілдендірілген трансферт көлемі Ұлтық қорға мұнай ұйымдарынанү түсетін тікелей салықтық түсімдерден аспайтан көлемде есептелген», деп жауап берді басылым сауалына Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.
Оның атап өтуінше бұл ереже тек кепілдендірілген трансферт үшін жарамды.
Бюджет кодексіне сәйкес, Ұлттық қордың мақсатты трансферттері Президенттің шешімімен аударылады. Ол негізінен экономика қарқыны баяқлаған немесе төмендеген уақытта дағдарысқа қарсы бағдарламаларды, ұлттық ауқымдағы әлеуметтік маңызды жобаларды және балама қаржы көзі болмаған жағдайда стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады. 2023 жылғы бюджетті нақтылау кезінде ұлттық ауқымдағы әлеуметтік маңызы бар жобалар мен стартегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға Ұлттық қордан 800 млрд теңге мақсатты трансферт қосымша тартылатын болады.
«Алдағы уақытта Ұлттық қордан мақсатты трансферттер Президенттің шешімімен маңызды инфрақұрылымды дамытуға және жалпы ел аумағын қамтитын жобаларды жүзеге асыру үшін бөлінетін болады. Бұл мәселе жаңа Бюджет кодексін әзірлеу аясында жетілдірілетін болады», деді Әмрин.
Естеріңізге саламыз, Сенат депутаттары 2023-2025 жж арналған бюджет кодексін қабылдаған болатын. Ұлттық қордан бөлінетін 800 млрд теңге ұлттық деңгейдегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін жұмсалады. Үкіметі 2023–2027 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының шеңберінде 2023 жылға арналған бюджет параметрлерінің болжамын нақтылады.
Ал, Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ұлттық қордағы қаражатты үнемдеуге шақырған болатын.