
Сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясын шақыру туралы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы жария етілді.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген Президент қол қойған Жарлықта.