Disney осы аптада 7 мың қызметкерді жұмыстан шығармақ
Жарияланды
Американдық Walt Disney Co компаниясы өзін шығынға батырған стримингтік бизнесін құтқару үшін осы аптады 7 мың қызметкерін жұмыстан шығару жайлы шешім қабылдады. Бұл туралы MarketWatch агенттігі хабарлады.
Walt Disney компаниясының бас директоры Роберт Айгер алдағы төрт күн ішінде қысқартуға ұшыраған қызметкерлердің бірінші тобына жұмыстан босату туралы хабарламалар жібермек. Сондай-ақ, тағы бірнеше мың адам сәуір айында жұмыстан босату туралы ақпарат алады. Компания қызметкерлерді қысқартуды ағымдағы жылдың жазына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Нәтижесінде Disney 5,5 миллиард доллар үнемдеуді жоспарлап отыр.