Елімізде жергілікті жерлердің жол сапасына мән берілетін болады

Жарияланды
Фото: Kursiv.media


ИИДМ жол-жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру және автожолдардың жай-күйін диагностикалау үшін бірқатар шаралар әзірлеген. Бұл жайлы Орталық коммнуикациялар қызметінде өткен жиында белгілі болды.
Мемлекет тарапынан биылдан бастап жол салуға және жол жөндеуге қатысты біршама өзгерістер енгізіледі. Олар мынадай:

  • FIDIC қағидаттарын енгізу.
  • EPCM келісімшарты қағидатына көшіру. Аталған қағидат бойынша бір орындаушы жобаның толық өмірлік циклін жүзеге асырады. Сондай-ақ, жоба құны қымбаттаған жағдайда барлық тәуекелдер мен жауапкершілікті өз мойнына алады.
  • Ұлттық сапа орталығымен жергілікті желі жолдарының сапасын сараптау жөніндегі бірыңғай шартты қабылдау. Бұл еліміздің барлық автожол жобаларында құрылыс технологиясын сақтай отырып, пайдаланылатын материалдардың сапасын және мердігерлік ұйымдардың тәртібін арттыруға мүмкіндік береді.
  • Саланың нормативтік-техникалық базасын жетілдіру, мұнда қолданыстағы 1200 стандарт 50 негізгі ГОСТ пен стандарттарға оңтайландырылып, жаңартылатын болады.

    Осылайша құрылысшылардың жауапкершілігі арта түседі. Нәтижесінде тек республикалық маңызы бар жол тораптары ғана емес сонымен бірге жергілікті елді мекендердегі жолдардың да сапасына мән берілетін болады.
Сондай-ақ оқыңыз