Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясын ашады
Жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар шақырылған.
Парламенттің бірлескен палаталарының отырысындағы Президенттің сөйлейтін сөзі 29 наурыз күні сағат 10:00-де республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.
Дүйсенбі күні Мемлекет басшысының жаңа сайланған VIII шақырылым депутаттарын бірінші сессияға шақырған жарлығы жарияланған еді.