2022 жылы шетелге жіберілген және шетелден алынған ақша аударымдарының орташа көлемі іс жүзінде бірдей: тиісінше 415 мың теңге және 413 мың теңге болды.
Жалпы, 2022 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы 1,8 трлн теңге айналымда болды. 2021 жылмен салыстырғанда операциялардың 32,7%-ға өскені байқалады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, операциялардың негізгі үлесі Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдарына тиесілі – 94,7%.
Бұл ретте Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдары сомасы 2,4%-ға біршама өсе түскен, басқа елдерден алынған ақшалай аударымдардың көлемі де айтарлықтай ұлғайған, 2,4 есе.
Ұлттық банк сарапшылары 2022 жылы ХААЖ арқылы ақша аударымдарының көбеюі Ресейден (өсім 6,8 есе), Қырғызстаннан (өсім 2,8 есе) және АҚШ-тан (өсім 33%-ға) орындалған ақша аударымдары көлемінің өсуімен байланысты болды деп есептейді.
2022 жылы Қазақстандағы ақша аударымдары көлемінің де 34,6%-ға өскені белгілі болды. ХААЖ арқылы бір ғана жергілікті ақша аударымының орташа сомасы 178,8 мың теңгені құрап, 2021 жылғы 58,0% көрсеткіштен асты.