Ресей бюджетінің түсімі мұнай бағасымен бірге төмендеп барады – Bloomberg

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Ресей мұнай өндіруді тәулігіне 500 мың баррельге қысқартқаны белгілі. Алайда, елдің теңіз арқылы экспортталатын қара алтынының көлемі әлі де жоғары деңгейде. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазады. «Кремль өндірісті қысқартқанымен, ресейлік мұнай ағыны тұрақты» аталатын мақаласында басылым, өткен бір апта ішінде Ресей мұнайының теңіз экспорты бар болғаны тәулігіне 123 мың баррельге қысқарғанын жазыпты, ал мұның алдындағы аптада ол 3,1 млн баррельге қысқарған болатын.

Әзірге Ресей мұнайын көптеп сатып алып отырған ірі импортер Үндістан. Ал, бұған дейін ресейлік арзан мұнайға қызыққан Қытай төрт апта бойы сатып алу көлемін қысқартып келеді.

Дегенмен, Bloomberg-тің жазуынша теңіз арқылы экспорт көлемі әзірге тұрақты болғанымен Ресей бюджетінің түсімі мұнай бағасының арзандауымен бірге азайып барады. Басылым ақпаратынша, 15 ақпан мен 14 наурыз аралығында мұнайдан алынатын баж салығы барреліне 1,95 долларды құрады. Ал, Urals мұнайының құны 50,80 долларды құрады, яғни Brent мұнайынан орта есеппен 34 долларға арзан.

Федералды бюджет 2023 жылы Urals мұнайын барреліне 70,1 доллар болады деген есеппен әзірленген болатын. Әзірге Ресей үкіметі бюджет шығындарын Ұлттық әл-ауқат қорындағы валютаны сату арқылы толтырып келеді. Сарапшылардың дерегінше, әлемдік мұнай бағасының құбылуы және мұнай өндіруді қысқарту Ресей бюджетіне соққы болып тиюі ықтимал.

Қазақстанның бюджеті де мұнай бағасына сәйкес жасақталады. Биылғы болжамға сәйкес, , биыл ЖІӨ-нің нақты өсуі 4% деңгейінде, мұнай бағасы – барреліне 85 АҚШ доллары, мұнай өндіру көлемі – 92,6 млн тонна болады деп күтілуде.

Еліміздегі сарапшылар да мұнай бағасының арзандауы бюджет тапшылығына  әкелетінін ескертіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз