Алматыда бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Әскери прокурорлар құны 6 млрд теңгеден асатын жер телімін мемлекет меншігіне қайтарғаны туралы ақпарат ведомстваның ресми сайтында жария болды.
Айқпаратқа сәйкес, 2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 млрд. теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 га жер учаскесі «Достық строй» құрылыс компаниясы» ЖШС-нің меншігіне өткен.
«Алайда, бұл учаске 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген. 24.11.2022 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген. Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде» делінген хабарламада.
«Азаматтарға арналған үкімет» порталының деректеріне сәйкес, «Достық строй» құрылыс компаниясы» ЖШС құрылтайшылары Joint Technologies ЖШС мен «Кипрос» ЖШС. Соңғы аталған серіктестіктің құрылтайшысы ретінде Нұрсұлтан Назарбаеватың күйеу баласы – Тимур Құлыбаев аталған. Ал, «Достык строй» ЖШС жетекшісі Светлана Чиганбаева.