АҚШ пен Оңтүстік Кореяның теңіз жаяу әскері бірлескен ірі жаттығу өткізді

Жарияланды

Жаттығу жұмыстары Пхохан қаласына жақын жерде ұйымдастырылды. Бұл туралы  «Хабар 24» хабарлады.

Оған ондаған кеме, ұшақ және тікұшақтар қатысты. Қос мемлекет соңғы айларда аймақта бірлескен әскери жаттығуларды жиілетті. Оған Солтүстік Кореяның ядролық күштерінің әлеуетін арттыру туралы мәлімдемелері әсер еткен.

Жақында Пхеньян ядролық оқтұмсықты алып ұша алатын баллистикалық зымыранды сынады.

Сондай-ақ оқыңыз