Артық төленген мемлекеттік баж салығын қалай қайтарып алуға болады?

Жарияланды
Фото: shutterstock.com

Заңды күші бар құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесін жасатқанда, мемлекеттік баж салығын төлейміз. Алайда кебір жағдайда салық төлеуші құжат жасатудан бас тартса, төлеген салығын қайтарып ала алады. Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік бажды бюджеттен қай жағдайда және қалай қайтаруға болатыны туралы түсіндіріп берді.

Мемлекеттік баж екі код бойынша төленеді:

  • 108125 Республикалық бюджетке енгізілетін мемлекеттік бажы;
  • 108126 Жергілікті бюджетке енгізілетін мемлекеттік бажы.

Уәкілетті мемлекеттік орган база арқылы құжат берілгенге дейін одан бас тартқанын растаса, мемлекеттік баж артық төленген болып саналады

Ммемлекеттік кірістер органы артық төленген бажды салық төлеуші ұсынған салық өтініші мен қайтару заңдылығын растайтын мемлекеттік орган анықтамасы, күшіне енген сот шешімі негізінде қайтарып береді.

Бұл ретте қайтаруға арналған салықтық өтініш «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы, egov.kz «электрондық үкімет» порталы, «e-Salyq azamat» мобильді қосымшасы – салық әмияны (жеке тұлғалар үшін) арқылы электронды түрде жіберіледі. Немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы растайтын қосымшасы бар құжаттар қағаз түрінде ұсынылады.

Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды мемлекеттік кірістер органы салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді. 

Сонымен қатар, талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан, талапкер өз талаптарын азайтқан, сот бұйрығының күші жойылған жағдайларда мемлекеттік баж қайтарылмайды.

Сондай-ақ оқыңыз