Ғалымдар ғарыштан күн массасынан 30 миллиард есе үлкен ойықты тапты

Жарияланды

Дарем университетіндегі халықаралық ғалымдар тобы ғарыштан алып қара ойықты тапты. Бұл туралы зерттеу Monthly Notices of the Royal Astronomical Society басылымында жарияланды.

Ғалымдардың зерттеуінше, табылған нысан күн массасынан 30 миллиард есе үлкен екен.

Monthly Notices of the Royal Astronomical Society басылымының мәліметінше, жаңа нысанды ашу үшін мамандар алыстағы денеден түсетін жарықты және галактиканы үлкейтіп көруге мүмкіндік беретін гравитациялық линза әдісін қолданған.

Сондай-ақ оқыңыз