ІІІ Чарльз алғашқы мемлекеттік сапармен Германияға барады
Жарияланды
Ұлыбританияның жаңа королі баратын бірінші ел Франция болады деп жоспарланған болатын, бірақ Парижде қазір зейнетақы реформасына қарсы жаппай наразылық жүріп жатқандықтан сапарды кейінге қалдыруға тура келді. Сондықтан ІІІ Чарльз Ұлыбритания монархы ретінде Германияға алғашқы шетелдік сапарын жасайды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
ІII Чарльз король мен патшайым Камилла Берлинге үш күндік сапармен келеді.
Бұл – британдық монархтың сегіз жылдағы алғашқы мемлекеттік сапары.
Ұлыбритания монархының Германиядағы алғашқы кездесуі өтетін Бранденбург қақпасында оған әскери құрмет көрсетіліп, салтанатты жиын өтеді.
Гамбургте король соғыс кезінде одақтастардың қаланы бомбалауын еске түсіретін қираған шіркеу – Әулие Николай мемориалына барады.