«KTZ Express» АҚ мен «China Xinjiang Electronic Port Co., Ltd» компаниясы арасында Қазақстан Республикасы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының шекара маңы ынтымақтастығының II Достық диалогы шеңберінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Меморандум мақсаты трансшекаралық теміржол кедендік ресімдеу және Қазақстан мен Қытайдағы тасымалдау процесіне қатысушыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін деректерді беру бойынша «China Xinjiang Electronic Port Co., Ltd» және «Xinjiang Digital Port» кешенді сервистік платформасын пилоттық пайдалану болып табылады.
Меморандум құжаттарды кедендік ресімдеуді жеделдетуге және көлік логистикасы саласында инновациялық тәсілдерді қолдануға ықпал ететін болады.