«Жасыл жобаларды» дамытуға қалай субсидия алуға болады?
Энергия тиімділігін арттыру мен жаңартылатын энергия көздерін дамуға қатысты жобаларға мемлекеттік қолдау алуға болады. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының хабарлауынша, «жасыл жобалармен» айналысатын кәсіпкерлер өз өнімінің құнын азайтқысы, болмаса несие жүктемесін азайту үшін қор субсидиясына өтініш беруіне болады.
«Даму» Қоры БҰҰДБ-ның «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қала» бағдарламасы аясында субсидия береді. Берілетін субсидия көлемі несиенің негізгі сомасының 40 пайызынан және 180 млн теңгеден аспайды.
«Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» бағдарламасы бойынша:
- жаңартылатын энергия: жел турбиналары, күн энергиясын өндіру жабдықтары, биогаз қондырғылары, шағын су электр станциялары, суды жылытуға арналған күн коллекторлары, биомасса қалдықтары қазандықтары (сабан, ағаш жоңқалары және т.б.), суға арналған жел сорғылары, жылу сорғыларын сатып алу және орнату;
- Энергия тиімділігі: тиімдірек жабдықты орнату, оқшаулау, жарықтандыру құрылғыларын ауыстыру, энергияны тиімді басқаруға арналған құрылғыларды орнату және т.б. арқылы тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, коммерциялық ғимараттарда, инфрақұрылым мен өнеркәсіпте энергияны үнемдеуге субсидия беріледі.
Бағдарлама шарттарына сәйкес келетін экономикалық қызмет түрлерінің толық тізбесі мында жазылған.
Бағдарлама туралы толық ақпарат алу үшін кәсіпкерлер өз жобасының қысқаша мазмұнын fm@undp.org электрондық поштасына жіберуі керек.
2010 жылы Қазақстан парникті газдардың шығарылымдарын 1990 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2020 ж-ға дейін 15 %, ал 2050 жылға қарай 25 % дейін төмендету жөнінде ерікті міндеттемелерді қабылдайтыны хабарлады.
ПГ шығарылымдарының ұлттық мақсатты көрсеткіштеріне жету үшін ҒЭҚ қаржылай қолдауымен Қазақстанда БҰҰДБ мен ҚР Үкіметі «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жобасын іске асырып жатыр. Жоба қалалық инфрақұрылымдағы парникті газдардың шығарылымдарын төмендету бойынша жобаларды анықтауға, оған қоса оларды дамыту мен қаржылай қолдау механизмдерін ұсынуға бағытталған. Жобаның бес компоненті ҚР Үкіметіне климаттың өзгеруіне қалалық секторда тигізілетін ықпалды азайту бойынша кешенді шараларды әзірлеу және іске асыруға көмектеседі.
Қазақстан сонымен қатар 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатын қойып отыр.