Қазақстанға Ресейден келетін импорт азайып жатыр

Жарияланды
Фото: shutterstock.com

2022 жылғы маусым айынан бері Ресейден Қазақстанға келетін импорттың өсу қарқыны төмендеп келеді. Қазақстанға тасымалданатын тауарлар көлемі алдыңғы жылмен салытырғанда азайған, деп жазады Экономикалық зерттеулер институты.

Бұл көрсеткіш ресейлік көлік құралдары мен машина жасау тауарларын жеткізудің төмендеуімен байланысты. Азық-түліктен басқа салалардың бәрінде импорт көлемі азайып келеді.

Дегенмен, ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтарында 2,0 млрд. АҚШ долларын құраған. Сонымен қатар, отандық тауар айналымының өсуі қазақстандық тауарлардың Ресейге экспортталуына байланысты өсіп, қаңтарда 52% құрады. Ал Ресейден импорт 0,5%-ке төмендеді.

Қазақстанға РФ-дан машиналар мен жабдықтар, металдар мен металл бұйымдары, АӨК өнімдері және азық-түлік өнімдері, химия өнімдері, және минералды өнімдер жеткізіледі.

Былтыр Қазақстанның сыртық сауда сыртқы сауда айналымы тарихи көрсеткішке қол жеткізіп, рекорд орнатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз