Сауд Арабиясы Қытайдың энергия нарығында позициясын нығайтуда – Bloomberg

Жарияланды (жаңартылды )

 

Фото: Shutterstock

Сауд Арабиясы Қытай энергетика  нарығындағы позициясын нығайтады, ол Ресей мен Иран сияқты жетекші мұнай өндіруші елдер үшін «қатал күрес алаңына айналды» деп жазды Bloomberg.

Агенттік мұны Saudi Aramco мен қытайлық Rongsheng Petrochemical арасындағы 3,6 миллиард долларлық келісімімен байланыстырып отыр. Мұның алдында ғана саудиялық компания Rongsheng Petrochemical компаниясының акцияларын осындай сомаға сатып алатыны белгілі болған еді.

Saudi Aramco 27 наурызда қытайлық Rongsheng Petrochemical-дың 10%  акциясын 3,6 миллиард долларға сатып алатынын мәлімдеді. Егер реттеушілер мақұлдаса, онда мәміле жыл соңына дейін жабылады. Rongsheng Petrochemical акциялары 28 наурызда, осы ақпарат жарияланғаннан кейін 10% – ға өсіп, 2022 жылдың қыркүйегінен бергі ең жоғары деңгейге жеткен.

ОПЕК-тің ең ірі мұнай өндірушісі Сауд Арабиясы Сауд Арамко мен Қытайдың Rongsheng Petrochemical арасындағы келісімнің арқасында қытай энергетикалық нарығындағы позициясын нығайтады, деп жазады Bloomberg.

Агенттік атап өткендей, мәміле Сауд Арабиясының Қытайдағы энергияға сұраныстың тұрақтылығына деген сенімін білдіреді.

Сямэнь университетінің қытай энергетикалық саясатты зерттеу институтының деканы Лин Боцян «Қытайда энергияға сұраныс әлі де артып келеді және ұзақ уақыт бойы өседі»,-деп болжап отыр.  Ол Қытайға тұрақты энергиямен қамтамасыз ету қажет екенін, сондықтан Saudi Aramco «тартымды нарықты көріп отыр», және джер кезінле мұнай өңдеу зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етуге назар аударады деп санайды.

Bloomberg Қытай, Үндістан және Азияның кейбір басқа елдері болашақта мұнай өңдеуге назар аударуы мүмкін екенін жазады, ал АҚШ пен Еуропа «жасыл» энергетикаға көбірек инвестиция салуда.

Rongsheng Petrochemical Қытайда қуаты тәулігіне 800 000 баррель ең ірі мұнай өңдеу және химиялық кешен   Zhejiang Petroleum and Chemical Co Ltd (ZPC) компаниясының 51% үлесіне ие. Мәміле аясында Saudi Aramco кәсіпорынға күніне 480 000 баррель мұнай жеткізеді.

Saudi Aramco, әлемдегі ең қымбат мұнай компаниясы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық кірісі 161,1 млрд долларды құрады. 2022 жылы пайда 2021 жылғы нәтижемен салыстырғанда 46,5% – ға өсті.

Сондай-ақ оқыңыз