«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында жасанды көшкін жүрді

Жарияланды

«Қазгидромет» РМК ұсынысы негізінде Шымбұлақ тау-шаңғы курорты аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ биіктікте және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты (қардың биіктігі 90-140 см) қолдан қар көшкіні жүргізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

29 наурызда Кіші Алматы өзенінің алабындағы №26Б қар көшкіндерін жинау орнында (Талғар асуы) қар түсіру жұмыстары жүргізілді. Түсірілген қар көлемі 900 текше метрді құрады, қар көшкіні тау шаңғы трассасына жетпей еңіске тоқтады.

Сол сияқты, №56 қар көшкінін жинау орнынан да түсірілген қар көлемі 5000 текше метрді қамтыды, қар көшкіні тау баурайының етегінде тоқтады.

Профилактикалық жұмыс барысында зардап шеккендер мен шығындар болған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз