Жаңалықтар

Ұлттық банк шағын бизнес үшін қолма-қол ақша лимитін төмендетуден бас тартты

Қазақстан Ұлттық Банкі шағын бизнес үшін банктік шоттардан қолма-қол ақша алу лимитін төмендетпеді. Бұл туралы «Атамекен»Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы хабарлады.

«2023 жылдың басында билік органдары Ұлттық банкке қолма-қол ақшаны алу лимитін екі есеге, яғни 10 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынды»- делінген Ұлттық палата хабарламасында.

Өз тарапынан» Атамекен » қолма-қол ақша лимитін сақтауды немесе ұлғайтуды сұрады.

2020 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанда шағын бизнес үшін банктік шоттардан қолма – қол ақша алуға – 20 млн теңге, орта кәсіпорындар үшін – 120 млн теңге, ірі кәсіпорындар үшін-150 млн теңге айлық лимиттер қолданылады.