2023 жыл жаһандық экономика үшін ауыр болады – Халықаралық валюта қоры

Жарияланды

Фото: dw.com

Халықаралық валюта қоры «2023 жыл жаһандық экономика үшін қиын жыл болады» деп болжайды. Бұл жайлы Қытайдың Хайнань аралындағы Боао қаласында өтіп жатқан Азия экономикалық форумда Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева мәлімдеді.

«Жаһандық экономика біраз уақыттан бері турбулентті аймақта. Бір күйзелістен, екіншісіне тап болып жатыр. Біз 2023 жылды тағы бір қиын жыл болады деп күтеміз», – деді ХВҚ басшысы.

Георгиева Украинадағы қақтығыстың салдары мен әлемдегі ақша-несие саясатының қатаңдауы салдарынан 2023 жылы жаһандық ЖІӨ 3%-дан аз болатынын айтты.

Сейсенбіден бері Қытайдың Боао қаласында Азия экономикалық форумы жүріп жатыр. Форум 2001 жылы құрылған. Оның міндеттері – Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты дамыта отырып, әлемнің басқа аймақтарымен диалог пен экономикалық байланыстарды жандандыру. Сонымен қатар бұл форум – ресми тұлғалар, кәсіпкерлер, мамандар мен ғалымдар арасында экономикалық, әлеуметтік және басқа да мәселелер бойынша диалог құратын алаң саналады.

Сондай-ақ оқыңыз