Әлихан Смайылов қайта Үкімет басшысы болды

Жарияланды

Мәжілістің кеңейтілген отырысында Президент премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды деп хабарлады Ақорда.

«Мен сайлауда жеңіске жеткен партия мемлекет басшысына премьер-министрдің кандидатурасын ұсына алатынын атап өттім. Бүгін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдадым. Жаңа ғана фракция жетекшілерімен арнайы кездестім. Үкімет басшысы лауазымына Amanat партиясы ұсынған кандидатты талқыладық. Ортақ мәмілеге келдік», – деді Тоқаев.

Бұған дейін Президенттің қабылдауында болған Мәжіліс спикері және Amanat партиясының төрағасы Ердан Қошанов Әлихан Смайловтың кандидатурасын ұсынған болатын.

Президент Мәжіліс отырысында Әлихан Смайылов үкіметтің алдында тұрғаны міндеттерді білетінін айтты.

«Баршаңыз бұл азаматты жақсы танисыздар. Білікті әрі тәжірибелі маман. Жұмысқа адал, еңбекқор адам. Ол Үкіметтің алдында тұрған міндеттерді жақсы біледі. Оған жаңа Үкіметтің тізгінін сеніп тапсыруға болады деп санаймын», – деді ол.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенті Мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізіп, Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылатын кандидатура жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтқан еді.

Мәжілістегі ЖСДП өкілдері Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдаған жоқ. Дегенмен, Депутаттардың ішінде 82 адам Смайыловтың кандидатурасын қолдады. 7 депутат қарсы болды, 8 адам қалыс қалды.
Мәжілісте кандидатурасы қолдау тапқаннан кейін Әлихан Смайыловтың Премьер-министр болып тағайындалғаны туралы Президент жарлығы шықты.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалсын»,- делінген Жарлықта

Сондай-ақ оқыңыз