Еуропалық комиссия Еуропалық қорғаныс қорының жылдық жұмыс бағдарламасын мақұлдап, қорғаныс саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерге 1,2 миллиард еуро бөлді. Бұл туралы ЕК сайтындағы баспасөз хабарламасында айтылған.
Қорғаныс қорына жалпы инвестиция 3 миллиард еуроны құрайды (2021 жылдан бастап). Ақша Еуропалық Одақтың қорғанысын күшейтуге, сондай-ақ ғарыш саласындағы әзірлемелерді дамытуға, гиперсониялық зымырандарға қарсы іс-қимылға, еуропалық патрульдік кемені құру жобаларына және тағы басқаларға жұмсалады деп жоспарлануда.
Бұған дейін ЕО мен Ұлыбритания Ресей-Украина қақтығысына жауап ретінде қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы тығыз ынтымақтастық бойынша әлеуетті қадамдар туралы келіссөздерді күшейтетіні белгілі болды.