Илон Маск және технологиядағы танымал тұлғалар жасанды интеллектті дамытуды тоқтата тұруға шақырды
Twitter, SpaceX және Tesla компанияларының иесі Илон Маск, Apple негізін қалаушы Стив Возняк пен технология саласындағы басқа да танымал тұлғалар GPT-4 де күшті жасанды интеллект (AI) жүйесін дамытуды кемі 6 айға тоқтата тұруды сұрап, ашық хат жолдады. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан агенттігі жазады.
«Біз бүкіл AI зертханаларын GPT-4-тен асып түсетін AI жүйелерін оқытуды кемінде алты айға тоқтата тұруға шақырамыз», делінген «Өмір болашағы» коммерциялық емес институт веб-сайтында жарияланған хатта.
Хат авторларының пікірінше, бұл уақытты озық жүйелерге қажет қауіпсіздік хаттамаларын бірлесіп әзірлеу мен енгізу үшін пайдалануы керек. Әзірлеушілер заманауи AI-ды қауіпсіз, түсінікті және таза етуге назар аударуы тиіс.
Хатқа Маск пен Возняктан басқа Skype иесі Яан Таллин, Pinterest-ті негізін қалаушы Эван Шарп, сондай-ақ технология саласындағы басқа қайраткерлер мен әртүрлі университеттердің профессорлары қол қойған.
«Адам ақыл-ойымен бәсекеге түсе алатын интеллекті бар AI жүйелері қоғам мен адамзат үшін үлкен қауіп төндіруі мүмкін, бұл кең ауқымды зерттеулерде көрсетілген», – дейді хат авторлары.
Олардың пікірінше, соңғы жылдары AI зертханалары ешкім болжап-басқара алмайтын «жасанды ақыл-ойды» дамытып келеді. Заманауи AI негізгі тапсырмаларды орындауға адам санасымен бәкеселесе алады, хат иелері болашақта олар адамдарды жұмыссыз қалдыруы мүмкін деп алаңдайды.
Хат авторлары қуатты жасанды интеллект жүйелерін адамзат олардың пайдасына көз жеткізіп, сенімді болған кезде және бүкіл қауіп-қатерді болжай және басқара алатындай жағдайға жеткенде ғана әзірлеу керек деп тұжырымдайды.
GPT-4 немесе Generative Pre-trained Transformer 4 — америкалық OpenAI компаниясы әзірлеген бағдарлама (LPM). Ол 2023 жылдың 14 наурызында шығарылды. GPT-4 мәтін оқу мен талдауға, сонымен қатар 25 мың сөзге дейін мәтін құруға қабілетті.