Қазақстан Қашағанда кен өндіретін операторға 5,1 млрд доллар айыппұл салды
Қазақстан Қашағанда кен өндіретін оператор NCOC консорциумына қоршаған ортаға тигізген залалы үшін 2,3 трлн теңге (5,1 млрд доллар) көлемінде айыппұл салу туралы шағым түсірді. Бұл туралы еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап, Bloomberg жазады.
«ҚР Экология министрлігі North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясын өндірістік нысанда рұқсат етілген шамадан екі еседен көп күкірт сақтағаны үшін айыптап отыр», — деп жазады басылым.
Бұдан бұрын NCOC компаниясы талаптарға сай жұмыс істейтінін мәлімдеген болатын.
Қашаған кен орны соңғы он жылдықта ашылған ең ірі мұнай кені саналады. Ондағы кен қоры 9 бен 13 млрд баррель аралығында деп болжанған. Қашағанда кен өндіру 2016 жылы басталған болатын.
NCOC консоциумының акционерлері KMG Kashagan B.V. (16,877%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,807%), Total EP Kazakhstan (16,807%), AgipCaspian Sea B.V. (16,807%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,807%), CNPC Kazakhstan B.V. (8,333%) және Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,563%).