Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз жанармай тасығандар ұсталды
Жарияланды
Қырғызстан Республикасы Шу облысында Қазақстан отынын заңсыз тасымалдаған 36 жастағы жүргізуші ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстан ІІМ -не сілтеме жасап хабарлады.
Жанармайды көлік құралдарына қосымша бак орнату арқылы тасымалдаған. Кейін оны жол бойында әрі қарай сатып отырған.
Арнайы рейд нәтижесінде 29 жеңіл көлік пен 7 автобустың 36 жүргізушісі ұсталды. Барлық автокөлік құралдары арнайы айыппұл тұрағына қойылды, жүргізушідерге 5500 сом көлемінде айыппұл салынды.
Ағымдағы жылдың басынан бері тәртіп сақшылары заңсыз әкетіп, сатылған 24 тонна отынды анықтады.
Бұған дейін Қырғызстанмен шекара аумағында Қазақстан бензинін контрабандалық жолмен әкетіп жатқаны хабарланған болатын.