Telegram-бот арқылы алаяқтыққа қатысы бар итернет-ресурстарды тексеруге болады

Жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі интернет-ресурстарды тексеруге арналған Telegram-ботты іске қосты. Қаржы пирамидалары мен олардың салымшыларын барынша азайту мақсатында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі IT-құралдарды пайдалана отырып, интернет-кеңістіктегі жаңалық порталдарын, блогтарды, сайттар және әлеуметтік желілердің аккаунттарын заңға қайшы тұстарын анықтау үшін тексеріп отырады.
Осылайша құзыретті органдар жәбірленушілерден мәлімдеме күтпей, «жалған қаржылық» компанияларды ертерек анықтауды қолға алған. Сол себепті жыл басынан бері интернет-ресурстарды тексеруге арналған Telegram-ботты іске қосқан. Енді азаматтар сайттар мен әлеуметтік желілерді қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын өз бетінше тексере алады. Бұл олардың «алаяқтық» схемаларға араласуына жол бермейді.

«2022 жылы қаржы пирамида белгілері бар 6,5 мың сайт пен аккаунт бұғатталды. Биыл олардың саны 3 мыңнан асты», дейді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі басқарма басшысының орынбасары Андрей Давыдов

Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін агенттік өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтарды қаржы пирамидаларына қатысты смс арқылы хабарландырып отырады. Сонымен бірге қауіпті сайттар мен аккаунттар да қатаң қадағалап, дер уақытында жабылып отыратындығы айтылды. Ал таргетті жарнаманы қолданатын алаяқтардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл болу үшін арнайы IT мамандарымен жұмыс жүргізіліп жатыр екен. Бұл азаматтарымызды әлеуметтік желі арқылы алаяқтардың арбауына түсіп қалудан сақтайды деп сенеді.

Сондай-ақ оқыңыз