Жыл басынан бері 12 қаржы пирамидасына қатысты 15 қылмыстық іс қозғалған

Жарияланды


Былтыр 2021 жылмен салыстырғанда, қаржы пирамидалары туралы қылмыстық істер 3 есеге өсіп, 32-ден 72-ге дейін жеткен. Бұл жайлы ҚР қаржылық монторинг агенттігінің басқарма басшысы Өмірсерік Тажмағанбетов мәлімдеді.

Өткен жылдың басынан бастап, алаяқтықпен айналысқан азамттарға қатысты 17 үкім шығарылып, 27 адам сотталған. Қылмыстық іске қатысы бар әрбір азаматтың мүлкі тәркіленіп, орта есеппен 5-6 жыл бас бостандығынан айырылған екен. Биыл да алаяқтар айылын тыймаған.

«Жыл басынан бері 12 қаржы пирамидасына қатысты 15 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша салымшылардың жалпы саны 7300 адамды құрады, келтірілген залал мөлшері 600 млн теңгеге жетті», дейді Өмірсерік Тажмағанбетов. Сонымен қатар қаржы пирамидалары келтірген залалды өтеу шараларында да, оң үрдіс бар. «Егер 2020 жылы залалдың тек 1% өтеуге болатын болса, қазір аяқталған тергеулер бойынша 1,5 есеге дейін өтем қайтарылып жатыр», дейді басқарма басшысы.

Қазіргі уақытта криптоалаңдарда пайда табуды, акциялар сатып алуды ұсынатын инвестициялық компаниялардың атын жамылып, ақша салуға үгіттейтін алаяқтар мен қаржы пирамидалары көбейген екен. Мұндай алаяқтық жүйелердің арбауына тіпті қаржылық сауаты мен білігі жоғары азаматтардың өзі ілініп кетіп жатқанын айтты. Қ
ұзырлы орган өкілі Зардап шеккен салымшылар құқық қорғау органдарына неғұрлым тез жүгінсе, залалды өтеу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болатынын ескертті.

Сондай-ақ оқыңыз