«KEGOC» 16,9 млрд. теңгеге «жасыл» облигациялар орналастырды
Фото: Kursiv.media
Одан түскен қаржы «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ әуелік желісін реконструкциялау», «Қазақстан біртұтас электр энгергиясы желісі, Батыс аймағының электр желісін күшейту, «Электр желілік объектілерді салу» сынды инвестициядық жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.
30 наурызда «KEGOC» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында жылына 19,51% өтеуге орташа алынған кірістілікпен жалпы көлемі 16,9 млрд. теңге болатын «жасыл» облигацияларын сәтті орналастырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Бағалы қағаздарды өтеу мерзімі 2037 жылға дейінгі «KEGOC» АҚ екінші облигациялық бағдарламасы облигацияларының екінші шығарылымы шеңберінде орналастырылды. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы 84,8% құрады, бұл инвесторлардың «KEGOC» АҚ-ның «жасыл» облигацияларына деген қызығушылығының артқанын көрсетеді. Инвесторлар – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ)» делінген хабарламада.
«Жасыл» облигацияларды шығару шеңберінде «KEGOC» АҚ АХҚО Жасыл қаржы орталығынан (AIFC Green Finance Centre) ICMA жасыл облигациялар қағидаттарына сәйкестік туралы сыртқы бағасын алды.
«Сондай-ақ, жобалар маңызды әлеуметтік мәнге ие, яғни құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде қосымша жұмыс орындары құрылатын болады. Бұл өз кезегінде экономиканың нақты секторының дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуы мен әл-ауқатының артуына, бюджеттерге салық аударымдарының ұлғаюына оң әсер етеді», делінген хабарламада.