Қазақстандық компаниялардың акциялары қымбаттап келеді
Наурыз айында KASE индексі құралдарының арасында банк секторының акциялары өскен. Бір айда БанкЦентркредит акциялары 8% қосса, Халық банктің акциялары 7%-ға қымбаттаған. Бұл туралы ҚҚҚ-ның қаржы нарығына шолуында жазылған.
Бейсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесінде KASE индексі 0,94%-ға – 3 342,5 тармаққа дейін өсті. Оған себеп – қазақстандық компания акцияларының қымбаттауы. ҚазМұнайгаз акциялары 2,8% өссе, «ҚазТрансОйл» (+2,0%), BCC (+1,6%), Kaspi (+1,6%) және «Қазатомөнеркәсіп» (+1,2%) акциялары айтарлықтай өсті.
Сонымен қатар наурыз айырда KASE тізіміндегі компаниялар арасында банк секторы жақсы өсім көрсеткен. Олардың арасында БанкЦентркредит пен Халық банкінің акциялары 7-8 пайызға қымбаттаған.
Наурыз айының соңғы сауда күндерінде валютаға деген сұраныс пен ұсыныстың сандық параметрлері теңгерілді. Сәйкесінше, USDKZT жұбында өзгеріс болмай, бір доллар үшін 448,27 теңге (+0,01 теңге) деңгейінде қалды. Бұл ретте сауда көлемі айтарлықтай төмендеп, $118,7 млн (-51,7 млн) құрады. Наурыз айында артып кеткен шетел валютасы ұсынысының төмендей бастағаны анық.
Ал таңғы сессияда USDKZT (10:40 ALA) жұбы бір доллар үшін 451,05 теңгемен саудаланып жатыр.
Бейсенбіде ақша нарығының бағамдары аралас динамика көрсеткен: TONIA кірістілігі 16,58%-ға (-2 б.п.) төмендеді, SWAP_1D 15,10%-ға (+14 б.п.) дейін өсті. Сауда көлемі ағымдағы жылдың орташа мәндерінен (629 млрд.) едәуір жоғары болып, 742,9 млрд теңгені (+91,2 млрд) құрады.
Бұл ретте Ұлттық Банктің апта сайынғы депозиттер арқылы өтімділікті алуы 46,0 млрд теңгені құрады. ҚҰБ операциялары бойынша ашық таза позиция 4 триллион теңге шегіне жақын.