Жаңалықтар

ҰҚК 30 келі апиын сатпақ болғандардың жолын кесті

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасына қатысы бар халықаралық есірткі синдикатын жойды. Контрабандашылардың су көлігін тексергенде 30 келіден астам апиын және 10 қаптама «метадон» психотроптық заты табылған.

Маңғыстау облысындағы операция барысында ҰҚК мен «А» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері есірткі арнасын ұйымдастырушы мен оның үш көмекшісін ұстаған.

ҰҚК Шекара қызметінің катерлері оларды ұстау үшін жағалау аймағын бөгеген. Бақылауға ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылған.

Осы іс бойынша материал СТБТ-да тіркелді, тергеу іс-шаралары прокуратура органдарымен бірлесе жүргізіліп жатыр.

Жедел жете тексеру барысында шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағына теңіз жолымен опиаттар мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастыруға қатысы бары анықталды.