Қазақстанның халықаралық резервтері ақпан айында 2,6%-ға азайды
Фото: Kursiv.media
Қазақстанның халықаралық резервтері ақпан айында қаңтармен салыстырғанда 2,6% – 91,9 млрд долларға азайды. Бұл туралы Ұлттық банктің жариялаған статистикасынан белгілі болды.
Өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда теңге бағамын қолдауға және төлем теңгерімінің тапшылығын қаржыландыруға арналған көрсеткіш керісінше 5,1%-ға өсті.
Айта кету керек, халықаралық резервтер жалпы халықаралық резервтер (34,5 млрд доллар) мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорының активтерінен (57,4 млрд доллардан) тұрады.
Осы статистикаға сәйкес, Қазақстанның халықаралық резервтері жалпы халықаралық резервтердің 6,2%-ға азаюына байланысты төмендеген.
ҚР Ұлттық Қорының активтері осы айда елеулі деңгейде болмаса да аздап (0,3%) азайды, өкімет оның кеміп бара жатқанын бірнеше рет ескерткен болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрсеткіш жеті жылдың ішінде 100 млрд долларға жеткізуді тапсырған болатын. Сенат спикері Ұлттық қор қаражатын үнемдеуге шақырған еді.