Жапония Ресейге экспорттауға тиым салынатын тауарлар тізімін ұлғайтты
Фото: Kursiv.media
Жапония Ресейге авиация, ғарыш саласы, авиациялық іштен жаны қозғалтқыштары, сондай-ақ, ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруге қажетті құралдарды экспорттауға тиым салды. Бұл туралы Жапонияныңк Экономика, сауда және өндіріс министрлігі хабарлады. Бұл санкциялық шектеулер 7 сәуір күні күшіне енеді.
Сонымен қатар, Токио болат, алюминий мен олардан жасалған бұйымдар, құрылыс машиналары (гидравликалық экскаватор, бульдозер және т.б.) кемеге арналған іштен жану қозғалтқышы, жылыту пештері, электр құралдары мен олардың бөлшектері, навигацияға арналған радиоқұралдар, генератор, бақылау-өлшеу құралдары мен олардың бөлшектері, аэрофото түсірілімге қажет фотоқұрылғылар мен оптикалық талшық пен оптикалық талшық сымдарын Ресейге жеткізуге жеткізуге тиым салып отыр.
РФ-на сатуға тиым салынған заттар арасында балаларға арналған ойыншықтар, ойыншық құрау модельдері мен велосипед те бар.
Жұма күні Токио министрлер кабинеті бұл шешімді «Украинаға қатысты қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты, әлемде бейбітшілікке қол жеткізуге ықпал ету жөніндегі халықаралық қауымдастықтың талпынысына ықпал ету мақсатында» қабылдаған.
Сондай-ақ, жұма күні Жапония қаржы министрі Сюнъити Судзуки Токио Ресейді сыртқы сауда жүргізуге қолайлы елдер тізімінен шығару режимін тағы бір жылға ұзартқанын жария етті. РФ елдің мұндай тізімінен 2022 жылдың наурыз айында шығып қалған болатын.
Жапония сыртқы істер министрлігі ақпан айының соңында Ресейге қарсы санкциялық тізімін ұлғайтқан болатын, ол кезде 73 ұйым мен 48 жеке тұлға шектеуге ілінген еді.