Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев шетелге қашып кетті
Фото: kursiv.media
Қазақстанның Шекара қызметі Серік Күдебаевтың Қырғызстан арқылы Түркияға қашқанын растады. Бұл туралы Талдықорғанда өткен сот процесінде айтылды.
Жетісу облысы сотында Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа сот үкімі шығуға тиіс еді. Алайда сотталушы кейінгі сот отырыстарына қатыспаған.
Содан кейін оны сотқа мәжбүрлеп жеткізу туралы шешім қабылданды.
Серік Күдебаев 3 сәуірге белгіленгендіктен, прокурор қылмыстық ісін тоқтатып, оған іздеу жариялауды сұрады.
Айта кетейік, Серік Күдебаевқа сот үкімі 10 наурызда шығуға тиіс еді. Алайда оның денсаулығына байланысты сотқа қатыса алмайтыны хабарланды. Содан кейін сот процесі бірнеше рет кейінге қалдырылды.
Серік Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.