«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 2,7 млн теңге айыппұл салынды

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Қарағанды облысы Табиғи монополияларды реттеу департаменті
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 2,7 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл шешім компанияға қатысты заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға қатысты өтініштерін қарау аясында анықталған деректер нәтижесінде қабылданған.

«Бұл ретте, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жылу энергиясын өндіру, сарқынды суларды шығару, суды тарату желілері арқылы жеткізу, электр энергиясын беру, бәсекеге қабілетті кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуіне кірме жолды беру бойынша қызметтері бойынша Қарағанды облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне енгізілген», делінген хабарламада.

Табиғи монополияларды реттеу департаменті заңды тұлғалардың өтініштерін қарау аясында, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның атына ақпаратты беру мерзімі көрсетілген сауал жолдады, бұл ретте субъект ақпаратты сауалда белгіленген мерзімдерді бұза отырып берген.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғау арқылы шаралары қабылданды. Бұл баптың санкциясында 2 760 000 теңге айыппұл қарастырылған.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес, 7 тәулік ішінде айыппұлдың 50% мөлшерінде қысқартылған тәртіпте 1 380 000 теңге көлемінде төледі.

Сондай-ақ оқыңыз