Атырау әуежайына 500 АЕК көлемінде айыппұл салынды

Жарияланды
Аэропорт Атырау оштрафован

Атырау әуежайының қызмет көрсету сапасы талаптарға сай келмейтіні анықталып, 500 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Атап айтқанда, әуе айлағында лифтілер мен қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдарға еш жағдай жасалмаған болып шықты. Ведомство өкілдері қолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін авиация саласының субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жерүсті қызметтерінің (жұмыстарының) сапасын бақылау және қадағалау шеңберінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда жоспардан тыс тексеру жүргізген. Сонда 2021 жылғы тексеру кезінде анықталып, ескертілген олқылықтардың жойылмағаны белгілі болды.

Қорытынды тексеру кезінде, жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін заң бұзушылықтар анықталған. Олар жолаушылар лифтінің болмауы, заң талаптарының сақталмауы, қозғалысы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету жағдайының жоқтығы. Компанияға ескерту жариялап, жағдайды түзетуге бір ай мерзім берілген. Алайда белгілінген мерзімде олқылықтар орнына келтірілмеген.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру нұсқамасын орындамағаны үшін Атырау әуежайына 500 АЕК (1 725 000) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыз