Фото: shutterstock.com
ҚДКБҚ депозит нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты теңгелік депозиттер бойынша 2023 жылдың мамырына қарасты шекті мөлшерлемені сәуірдегі мәндік деңгейінде сақтап қалғанын хабарлады.
Толықтырылмайтын және толықтырылатын мерзімді депозиттер бойынша шекті мөлшерлеме 16,3% деңгейінде қалды. Үш және алты айлық толықтырылмайтын мерзімді депозит мөлшерлемесі – 17,3%, толықтырылатын депозиттер бойынша – 16,8%.
Бір жыл мен екі жылға ашылған, толтырылатын депозиттер сәйкесінше 14,5% және 10,5% деңгейінде қалды, 12 және 24 айлық депозиттер – 10,7% және 14,7%. 3-6 айлық толықтырылмайтын депозит мөлшерлемесі 18,3% деңгейінде, бір жылда – 16,9%, 24 ай ішінде – 14,3% деңгейінде қалды.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы өз бетімен шешім қабылдайтындығына назар аударады. Осыған байланысты банктер өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға іштей баға бере отырып, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол Қор бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін.
Ақпан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтап қалды. ҰБ басшысы өз түсіндірмесінде базалық мөлшерлеме бойынша шешім кезекті болжамдық раундты өткізумен бірге қабылданғанын айтып өтті.