Жаңалықтар

Қазақстанда короновирус пандемиясынан кейін халықтың өмір сүру жасы қысқарған

Фото: shutterstock.com

Халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасын сипаттайтын негізгі көрсеткіштің бірі – өмір сүру ұзақтығы. Экономикалық зерттеулер институты өмір сапасы нашар, адами даму көрсеткіші төмен елдерде халықтың өмір сүру жасы да қысқа болады дейді.

Өмір сүру ұзақтығы тұқым қуалау пен өмір салтынан бастап, қоршаған орта мен медицинаға дейін – көптеген факторға байланысты. Жалпы, бірқатар сарапшылар халықтың өмір сүру ұзақтығы мемлекет дамуының көрсеткіші деп тұжырымдайды. Мұны БҰҰ Адам дамуының 2021-2022 жылдардағы индексі мәліметтері растайды.

2021 жылғы деректерге сәйкес, адам басына шаққандағы ішкі табыс нормасы орта есеппен 43 752 АҚШ долларын құрайтын, адами даму деңгейі өте жоғары елдердегі өмір сұру ұзақтығы – орта есеппен 78,5 жыл. Адам басына шаққандағы орташа ішкі табыс нормасы 2,8 есе (17 730 АҚШ доллары) төмен, адами даму деңгейі жоғары Қазақстан сынды елдерде (48 ел) өмір сүру ұзақтығы 74,7 жылды құрайды.

Адами даму деңгейі орташа (43 ел) және төмен (31 ел) елдерде өмір сүру ұзақтығы сәйкесінше – 67,4 және 61,3 жыл. Алайда пандемияға дейін бұл мән 1 жылға ұзақ болған.

Сонымен, 2019 жылы елдердегі болжамды өмір сүру ұзақтығы:
адам дамуы өте жоғары елдерде – 79,6;
адам дамуы жоғары елдерде – 75,3;
адам дамуы орташа елдерде – 69,3;
адам дамуы төмен елдерде – 61,4 жылды құрайды

АДИ дерегі бойынша, Қазақстанда 2021 жылы өмір сүру ұзақтығы 2019 жылмен салыстырғанда 4,2 жылға қысқарып, 69,4 жасты құрады, бұл ЭЫДҰ елдеріндегі орташа көрсеткіштен 10,4 жылға аз.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам дамуы индексіндегі (HDI) өмір сүру ұзақтығы

МемлекеттерHDI 2019HDI2020HDI2021/2022
Қазақстан 73,273,669,4
Дамушы мемлекеттер71,171,369,9
ЭЫДҰ елдері 80,480,479,0
Дереккөз: ЭЗИ

ҚР Статистика бюросының дерегі бойынша, 2021 жылы еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 2020 жылмен салыстырғанда 1,14 жасқа қысқарып, 70,23 жасты құрады. Сонымен қатар өмір сүру ұзақтығында айтарлықтай гендерлік алшақтық бар. Әйелдер арасында ауру-сырқау жоғары болғанына қарамастан, ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүреді. Оған не себеп екеніне байланысты көптеген зерттеу жасалғанымен әлі күнге дейін нақты жауап жоқ.

Жалпы, ғалымдар өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтықты генетикамен, гормоналды деңгей, жаман әдеттерге бейім болу, медициналық көмекке жүгіну жиілігі және тағы басқаларымен байланыстырады. Тағы бір қызық факт, ауылдағы ер-азаматтар қалалық еркектерге қарағанда 1,4 жыл ұзағырақ өмір сүреді.

Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы

Жылдар20142015201620172018201920202021
бүкіл халық71,4471,9772,4272,9573,1573,1871,3770,23
ерлер66,9067,4967,9968,7268,8468,8267,0966,33
әйелдер75,8276,2676,6176,9277,1977,3075,5374,03
қала халқы71,4372,0472,4873,1273,0973,0871,2169,91
соның ішінде ерлер 66,5067,1467,6968,6068,4268,3966,6165,71
соның ішінде әйелдер 75,9176,4676,7777,0777,2177,2375,4373,70
ауыл халқы71,4671,8972,3272,7373,2473,3571,6470,79
соның ішінде ерлер67,4267,9768,4368,8869,4469,4267,8267,19
соның ішінде әйелдер 75,7075,9776,4076,7177,1777,4375,7374,64
Дереккөз: ЭЗИ