Қазақстан мамыр айынан бастап мұнай өндіруді қысқартады
Жарияланды
Қазақстан мамыр айынан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге дейін қысқартады. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.
«2023 жылдың мамыр айынан бастап басқа ОПЕК+ қатысушы елдермен бірге өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге қысқартуды жүзеге асырады» делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Энергетика министрлігінің түсіндіруінше, бұл қысқарту 2022 жылғы 5 қазандағы ОПЕК+ 33-ші министрлік кездесуінде қабылданған өндірісті қысқартуға қосымша алдын алу шарасы.