
Қазақстан мамыр айынан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге дейін қысқартады. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.
«2023 жылдың мамыр айынан бастап басқа ОПЕК+ қатысушы елдермен бірге өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге қысқартуды жүзеге асырады» делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Энергетика министрлігінің түсіндіруінше, бұл қысқарту 2022 жылғы 5 қазандағы ОПЕК+ 33-ші министрлік кездесуінде қабылданған өндірісті қысқартуға қосымша алдын алу шарасы.