Жаңалықтар

Зейнетақы аннуитетін пайдалану шарттары өзгереді

Зейнетақы аннуитетіне қолжетімділікті арттыру және сақтандыру төлемдерін көбейту үшін ҚНРДА бірқатар шараларды қолға алмақ. Бұл өзгерістер мүгедектігі бар және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды қамтымақ.

Біріншіден, агенттік сақтандыру сыйлықақысын есептеуде қолданылатын жекелеген өлшемдерді қайта қарайды. Солардың ішінде:

  • сақтандыру төлемдерін индекстеу мөлшерлемесінің ең аз мөлшерін 5%-дан 7%-ға дейін ұлғайту;
  • кірістілік мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшерін 6%-дан 9%-ға дейін арттыру бар.

Екіншіден, мүгедектігі бар және зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін өлім-жітімнің жекелеген кестесін қолдану мүмкіндігі бөлігінде түзетулер қабылдады.

Мысалы, аталған түзетулер күшіне енгеннен кейін ағымдағы жылы зейнетақы аннуитетінің құны 55 жастағы ер адамдар үшін 8,0 млн теңгеден:

  • 1-топтағы мүгедектік үшін 2,4 млн теңгеге;
  • 2-топтағы мүгедектік үшін 3,4 млн теңгеге;
  • 3-топтағы мүгедектік үшін 4,4 млн теңгеге;
  • зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін 5,3 млн теңгеге дейін төмендейді.

Аталған жаңалық 25 наурыздан бастап күшіне енеді және зейнетақы аннуитетінің жаңа сатып алушылары үшін қолжетімді болады. Бұл ретте қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттары бар сақтанушылар да шарт талаптарын қайта қарау кезінде аталған опцияны пайдалана алады.

Зейнетақы аннуитеті шарты салымшыны өмір бойы төлемдермен қамтамасыз ететін, 55 жастан кейіннгі кепілді кіріс көзі. 2023 жылы зейнетақы аннуитетін жасасу үшін жеткілікті сома 55 жастағы ер адам үшін 8,0 млн теңгені, ал 53 жыл жастағы әйел адам үшін 10,5 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ, ұзартылған, яғни «кейінге қалдырылған» зейнетақы аннуитеті бар, оны 45 жастан бастап сатып алуға болады, алайда ол бойынша төлем 55 жастан басталады. Ол үшін 45 жастағы ер адам үшін БЖЗҚ-да кемінде  7,2 млн теңге сомада жинақтары, ал сол жастағы әйел адам үшін – 9,1 млн теңге жинағы болуға тиіс.