Ақтөбеде мектеп директоры пара алғаны үшін 18 млн теңге айыппұл төлейді

Жарияланды

 Ақтөбе облысы Шалқар ауданында мектеп директоры 600 мың теңге пара алып ұсталды.Заң бұзушы енді 18 млн теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Мектеп директоры жұмысқа орналастыру үшін танысынан жалпы сомасы 600 000 теңге көлемінде пара алған. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

«Сот шын жүректен өкінгенін, кінәсін мойындағанын, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді түрде қатысқанын, ерікті түрде залалды өтегенін, балаларын негізге алып, мұны қылмыстық жауапкершілік пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ал қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен М. кінәлі деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни, 18 000 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар сот Ақтөбе облысы білім басқармасының басшылығына жеке қаулы шығарылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – деп хабарлады Шалқар аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыз