Автокөлікке арналған сұйытылған мұнай газы бірнеше өңірде қымбаттайды

Жарияланды
Фото: kolesa.kz

Автокөлікке арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қаулысы ашық талқыға шығарылды.

Оған сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында, Алматы облысында, Солтүстік Қазақстан облысында және Алматы қаласында СМГ-ны бөлшек саудада сату бағасын өзгерту ұсынылады. Әр өңірдегі бұрынғы бағасына 5 теңгеден қосылады. Бұл ретте, Қазақстанның қалған өңірлерінде СМГ-ны бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды өзгерту жоспарланбайды.

«Сонымен қатар, Қазақстандық отын қауымдастығының және нарық субъектілерінің көлік қызметтеріне шығындардың ұлғаюына, СМГ-ны бірқатар облыстарда өткізу кезінде шекті бағаларды көтеру қажеттілігі туралы (5-тен 10 теңге шегінде) өтініштерін ескере отырып, көлік қызметтеріне автомобильге газ құю станциялары мен газ жинақтау пункттерін, жалақы қорын, бөгде ұйымдардың қызметтерін ұстау және оларға қызмет көрсету, ҚТЖ-Жүк тасымалы» магистральдық темір жолдары бойынша жүктерді тасымалдауға арналған тарифтер СМГ-дағы белгіленген бағаларды бұрынғы деңгейде сақтай отырып, СМГ-ны өткізуді шектеу және оның тапшылығы тәуекелдері туындайды» делінген негіздемеде.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз