Елімізде Құрылысы кодексі әзірленеді

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Құрылыс кодексін әзірлеу мақсатында Жұмыс тобы құрылып, кезеңдік іс-шаралары бар Жол картасы бекітілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі м.а. Марат Қарабаев мәлімдеді.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы, саладағы саясатты жүйелейтін және түбегейлі жақсартатын қала құрылысы кодексі маңызды екенін айтқан болатын.

«Ірі салалық қауымдастықтардың (шамамен 10) және салалық институттардың («Мемлекеттік қала құрылысы кадастры», «Мемлекеттік сараптама» респ-қ мемлекеттік мекемелері, «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ, «Қазақстанның тұрғын ұй коммуналдық шаруашылық Орталығы» АҚ) өкілдерімен бірлесіп Кодекс жобасының бірінші жобасы әзірленді. Жобаны осы айда біз қоғамдық талқылауға шығаруды жоспарлап отырмыз» , деді Марат Қарабаев.

Құрылыс кодексінің жобасы жыл саоңында арламент Мәжілісінің қарауына енгізілмек.

Марат Қарабаевтың дерегінше, Кұрылыс кодексі 4 заңды біріктіреді: «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы», «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы», «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы». Сонымен қатар 8 кодекске: «Жер», «Кәсіпкерлік», «Әкімшілік құрылыс туралы» «Экологиялық», «Су», «Орман», «Салық», «Азаматтық» өзгерістер енгізуді көздейді.

«Өз кезегінде, құрылыс процесінің циклын жоспарлаудан пайдалануға дейін толық қамтитын болады», деді Қарабаев.

Сондай-ақ оқыңыз