Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болды

Жарияланды
Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болды

«Самұрық-Қазына» АҚ экс-басшысы Алмасадам Сәтқалиеев Энергетика министрі болып тағайындалды. Ал, Болат Оралұлы Ақшолақов Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалсын», делінген Президент жарлығында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы бірнеше министрді өз орнында қалдырған болатын.

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігінің жаңа басшылары тағайындалған еді.

30 наурызда Әлихан Смайылов қайтадан Үкімет басшысы болып тағайындалған.

19 наурызда өткен Парламент мәжілісі мен әр деңгейдегі мәслихаттар сайлауынан кейін, еліміздің бұрынғы үкіметі өкілеттігін тоқтатқан болатын.   

Сондай-ақ оқыңыз